Қызықты спорттық бәсекелер «Қажымұқан» атындағы Орталық стадионда және басқа да спорттық орындарда өтті.
Дәстүрге айналған бұл іс-шараға 9 спорт түрі бойынша жарысқа түскен судьялардан құралған 20 спорттық команда қатысты.
Бұл ауқымды спорттық шара судьялардың салауатты өмір салтына бейінділігін, спортқа деген сүйіспеншілігін және ептілік пен күш-жігердегі бәсекелестікке деген ұмтылысын көрсетті. Жарыс өте тартысты өтті - ешкім жеңісті оңайлықпен бергісі келмеді. Сондықтан сайыстар өте тартысты болды және көпшіліктің көңілінен шығып, жағымды эмоциялар, жетістік қуанышы мен үміт сыйлады.
Әсіресе жарыстардың соңына қарай бәсекелестік рух күшейе түсті.
Әр команданың трибунада, залдарда өз белсенді жанкүйерлері болды, олар әріптестеріне рух беріп, қайраттандырып, қайсарлықпен күресуге септігін тигізді.
Жекелей немесе командалық ойын болсада - әрбір ойын ұйымшылдықты, корпоративтік бірлікті және адамгершілікке толы шынайы қолдауды көрсетті. Финалдық ойындардың нәтижелері де осыны дәлелдеді - бірлік пен ортақ мақсатты ту еткен командалар жеңіске жетті.
Абай облысының судьялар командасы тамаша жетістікке жетіп, Судьялар одағының XI спартакиадасының жалпыкомандалық есепте көшбасшысы атанды.
Екінші орынды Астана қаласының судьялар командасы иеленсе, үшінші орынды Маңғыстау облысының судьялары жеңіп алды.
Барлық 9 спорт түрі және жекелеген номинациялар бойынша қорытынды шығарылды.
Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.