Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Әмір Досжан Сарманқұлұлы, Орталық кеңес мүшелерінің қатысуымен кезекті жиын өткізді.
Жиын барысында, IX Съезде қабылданған Судьялық әдеп кодексіне сәйкес жаңа “Судьялар әдебі жөніндегі комиссиясы туралы” ереже бекітілді. Талқылау кезінде өңірлерден келген ұсыныстар ескеріле отырып, пікір-алмасу нәтижесінде, келесі тұжырымдарға келді:
* Шағым беруші шағымды қайтарып алу туралы арыз бергенде, ол қараусыз қалдырылатыны.
Алқа төрағаларына байланысты материалдарды Жоғарғы сот Комиссиясы қарауына жіберілсін деген ұсыныс қолдау таппады. Алқа төрағаларына қатысты түскен шағымдар Сот одағының жергілікті филиалдарының Судьялар әдебі жөніндегі комиссиялары қарайтын болды.
Қоғамдық мін тағу мерзімі Еңбек кодексінің 66-бабына сәйкестендіріліп, 1 жылдан 6-ай мерзімге қысқыртылады.
Сонымен қатар, Орталық кеңестің мүшесі Байгелов Мейрбек Қабылұлы 2025-2028 жылғы кешенді жоспарының жобасын баяндады. Төрағалық етуші Кеңес мүшелерімен пікір алмасып, айтылған ұсыныстарды ескере отырып, жоспардың негізгі жобасы 2024 жылдың 20 желтоқсанына дейін Орталық кеңеске ұсынуды тапсырды.
Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданды.