Бүгін Шымкент қаласында ҚР Судьялар Одағының XI спартакиадасының финалдық ашылу ойындары басталды.
Финалдық жарыстың ашылу салатанатына Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Шәріпов, ҚР Судьялар Одағының төрағасы Д.Әмір, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары, Шымкент қаласының құқық қорғау органдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ғ.Сыздықбеков, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Шәріпов, ҚР Судьялар Одағының төрағасы Д.Әмір сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жоғары спорттық жетістіктерге жетуді тіледі.
Аталмыш іс-шара судьялардың денсаулығын нығайтуға, шынығуға ғана көмектесіп қоймай, ол кәсіпкерлік қызметке де оң әсерін тигізеді.
Жарысты бекітілген нұсқаулыққа сәйкес ҚР судьялар одағының Орталық Кеңесі ұйымдастырды. Ережеге сәйкес спартакиада екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде өңірлер арасында аймақтық іріктеу ойындары өтті.
Бүгін сол жеңімпаздар Шымкент қаласындағы финалдық ойындарда бақ сынасуда.
Олар біріншілікке келесі спорт түрлерінен таласқа түсуде:
Жарысқа қатысушыларға сәттілік!