Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың басталуына орай Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Шығыс Қазақстан филиалының мүшелері жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында 2026 жылға арналған үлгілік іс-шаралар жоспары жан-жақты қаралып, талқыланды, оны іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің өкілі Фархад Камалов қатысып, мерейтойлық жылдың маңыздылығын атап өтіп, филиал мүшелерін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Сондай-ақ кеңес барысында филиалдың 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, филиал мүшелерінің есептері тыңдалды, қол жеткізілген нәтижелер мен жұмыстың оң динамикасы атап өтілді.
Кеңес іскерлік әрі конструктивті жағдайда, позитивті көңіл күймен өтіп, алдағы уақытта кәсіби бірлікті нығайтуға және мерейтойлық жылы белгіленген жоспарларды табысты іске асыруға деген сеніммен аяқталды.
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
