Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жұмыс кеңесі өтті.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жұмыс кеңесі өтті.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың басталуына орай Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Батыс Қазақстан филиалының жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары жан-жақты талқыланды, оны іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Кеңес жұмысына қатысқандармен мерейтойлық жылдың маңыздылығы атап өтіліп, төрағалық етуші Азамат Бурамбаев филиал мүшелерін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ кеңес барысында филиалдың 2025 жылғы қызметі қорытындыланды. Кеңес іскерлік әрі позитивті көңіл күймен өтіп, алдағы уақытта кәсіби бірлікті нығайтуға және мерейтойлық жылы белгіленген жоспарларды табысты іске асыруға деген сеніммен аяқталды.