Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай–ақ білім алушының өз қаражаты немесе өзге де көздер есебінен, «7M04201 – Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасының «7M042 – Құқық» бағыты бойынша бір жыл оқу мерзімімен магистратураға оқуға қабылдауды жариялайды.
Магистратураға жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде 4 жыл, 29 жасқа толған барлық адамдар шақырылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау Қағидаларымен толығырақ Академияның сайтында танысуға болады https://academy.sud.kz/ «Оқуға түсу» бөлімінде.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен 31 шілдеге дейін жұмыс күндері жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 7172 71 08 66, 8 7172 71 08 72, 8 771 688 85 17.