Ынтымақ – бұзылмайтын қорған!
Құрметті әріптестер!
Судьялар одағының атынан Сіздерді мамыр мерекелерімен - Қазақстан халқының бірлігі және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Бұл мерекелер біз үшін адами құндылықтарды бейнелейтін терең мағынаға ие. Бәрімізге ортақ шаңырақты сақтай отырып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру және Қазақстанды Отаным деп білетін барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін, әдет-ғұрпын және дәстүрін бағалаймыз.
Отыз жылдан астам уақыт бойы біз еліміздің болашағын бірлесіп құрып келеміз. Ұлтымыз бөлек болғанмен, біздің тарихымыз, тағдырымыз ортақ және мақсатымыз бір. Осы ұлтаралық келісім байырғы халықтың толеранттылық пен құрметін, табиғи даналық пен қонақжайлылық дәстүрін бекіте түседі.
Бүгінгі таңда әлемдік мұраттар бұрынғыдан да құнды. Біз 9-мамырды соғыс жылдарында майдан даласында ерлік көрсеткен әкелеріміз бен аталарымызды еске алу күні ретінде бағалаймыз. Көптеген адамдар өз жерін жаудан босату үшін майданда қаза тапты. Жеңіс күніне жету үшін бел жазбай тылда жұмыс істеген барлық отандастарымызға бас иеміз. Бізге бейбіт аспан астында өмір сүру бақытын сыйлаған батырларды үлкен құрметпен және ризашылықпен есте сақтайтын боламыз.
Мамыр мерекелері биыл адамгершілік құндылықтардың, мейірімділік, жомарттық пен кешірімге шақырудың қайнары саналатын қасиетті Рамазан айы мен Пасха мерекесінен бастау алды. Ал Ораза айттың келуі – рухани тазарып, барға қанағат, жоққа сабыр етудің, айналаға мейіріммен, кешіріммен қараудың көзі іспеттес.
Құрметті әріптестер, осы қасиетті мерекелермен құттықтай отырып, баршаңызға – бейбіт өмір, аға буынға – құрмет, тәуелсіз Қазақстанға – тұрақтылық пен даму тілейміз!
Сәкен Абдолла Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы