Маған еліміздегі күллі судьялар қауымдастығы атынан Сіздерді мерейтойлық дата – Ақмола облысы соттарының іргетасы қаланғанына 100 жыл толуына орай құттықтау мәртебесі берілді.
Даңқты дәстүрлері мен баға жетпес тәжірибесін асқан ыждағаттылықпен сақтап келген Ақмола облысы соттарының тарихы тәуелсіз Қазақстанның бүкіл сот жүйесінің тарихын бейнелейді.
Өткен жүз жылдықтың өн бойында облыстың сот жүйесі азаматтардың сот қорғауына қатысты конституциялық құқығын лайықты деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз етті және бұған қажетті барлық тиісті жағдайлар жасалды.
Бүгінгі таңда біз осы қиын жолды еңсеріп, биік белестерді бағындырғандардың барлығына риясыз разылығымызды білдіреміз. Ең алдымен – бұл сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі көлемі жүктелген, еліміздегі сот жүйесінің «тірегіне» айналған аудандық және облыстық соттардың судьялары.
Ардагерлер корпусына, доғарыстағы судьяларға айрықша алғыс айтамын. Қазіргі таңда Ақмола облысының соттары – жастық пен даналықты, тәжірибе мен кемеңгерлікті, кемелдікке талпынысты шебер үйлестіре білген жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар ұжымы.
Облыс соттарының жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне судьялар мен аппарат қызметкерлерінің барлық буындары жемісті жұмысы мен кәсібилігі арқылы өлшеусіз үлес қосты.
Келешекте де Сіздер өздеріңізге жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, халқымыздың мүддесіне адал және қалтқысыз қызмет ететіндеріңізге кәміл сенемін.
Сіздерді мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, баршаңызға мызғымас денсаулық, амандық, сау-саламат ғұмыр және облыс азаматтарының игілігі жолындағы толассыз еңбектеріңізге қажымас қайрат тілеймін!
Судьялар одағының төрағасы - Сәкен Абдолла