Құрметті әріптестер! Ардақты ардагерлер!
Көптен күткен көктемгі Наурыз мейрамын қарсы алып отырмыз! Наурыз – Шығыс халықтарының ерекше мерекесі, көктем мезгілінде күнтізбелік жыл басталып, дәстүр бойынша көктемгі күн мен түн теңеліп, күн шуағы мен жылулық қатар келеді. Мұның астарында үлкен даналық, терең философиялық мән-мағына бар. Ақиқатында, келешек өнімнің қандай болары, жаңа жоспарлардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ жылдың жән-жақты молшылыққа толы болуы осы мезгілге байланысты.
Сондықтан Наурыз мейрамы жаңа жылдың басы, табиғаттың қайта түлеп, жанданып, оянатын мерекесі ретінде ұлан-асыр думанға ұласады. Бұл мереке түрлі этностар мен ұлт өкілдеріне ортақ мереке. Наурызды Қазақстанның көпұлтты барлық халқы атап өтеді, өйткені оның негізі қарапайым халыққа түсінікті әрі қымбат.
Ата-бабаларымыздың дала құқығы дәстүріне енген халық даналығы өкпе-ренішті кешіріп, құрмет пен шыдамдылық танытуға баулиды. Байырдан келе жатқан адамгершілік мұраттар бір-бірімізге деген сенім мен сыйластықта өмір сүріп, біздің жарқын болашағымызға үлкен үмітпен және игі мақсаттармен ұмтылуға шақырады.
Заң мен құқыққа негізделген қоғамды нығайтуға орасан күш-қуаты мен білімдерін жұмсаған ардагерлеріміздің еңбегі орасан зор.
Қадірлі біздің ардагерлер, бүкіл судьялар корпусы, сот аппараты қызметкерлері, Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, баршаңызға бірлік-ынтымақ, бақ-береке, дендеріңізге саулық, жарқын болашақ тілейміз.
Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, тоқ болсын, Жамбыл бабамыз айткандай «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса - ел болар». Бірлігіміз берік, тірлігіміз серік болсын!
Қазақстан Республикасы
Судьялар одағының төрағасы
Сәкен АБДОЛЛА