Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдық мерейтойын атап өтудің нақты кезеңіне көшу басталды

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық аясында қазіргі уақытта мерейтойлық іс-шараларды жүзеге асырудың белсенді әрі нақты кезеңіне көшу басталды. Алдағы уақытта мерейтойға арналған бірқатар маңызды бастамалар мен мазмұнды іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде. Мерейтойлық іс-шараларды өткізуде бірыңғай ұйымдастырушылық тәсілді қалыптастыру, барлық құрылымдардың үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және сот жүйесінің қоғам алдындағы беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына арналған мерейтойлық челлендж жарияланды. Бұл бастама Судьялар одағы филиалдарының судьялар қауымдастығының қоғамдағы рөлі мен маңызын кеңінен ашып көрсететін ақпараттық, әлеуметтік және корпоративтік бағыттағы іс-шараларға белсенді әрі шығармашылық тұрғыда қатысуына бағытталған. Өткізілетін іс-шараларда имидждік құрамдас бөлікке ерекше мән беріліп, олардың қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сот билігін мемлекеттік биліктің дербес әрі маңызды тармағы ретінде, өзіне жүктелген конституциялық міндеттерді толық әрі сапалы орындайтын институт ретінде танытуға ықпал етеді. Мерейтойлық іс-шараларды дайындау және өткізу барысында Судьялар одағының филиалдары тарихи-ағартушылық бағытты кеңінен пайдаланып, егемен Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасуында елеулі үлес қосқан судья-ардагерлер мен судьялар қауымдастығы өкілдері туралы, олардың кәсіби жолы мен әділ сотты дамытуға, заңдылықты нығайтуға қосқан еңбегі жөніндегі материалдарды жұртшылық назарына ұсынатын болады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде Судьялар одағы филиалдарының өзара тығыз әрі үйлесімді жұмысы қамтамасыз етіліп, бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыруға, сондай-ақ жарияланымдардың мазмұндық және уақыттық сабақтастығына ерекше назар аударылады. Мерейтойлық іс-шаралар белгіленген мерзімдерге сәйкес жоспарлы және жүйелі түрде жүзеге асырылып, бұл өз кезегінде судьялар корпусының бірлігін, кәсіби дәстүрлердің сабақтастығын және Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық Кеңесі елдің сот жүйесін дамытудағы маңызды рөлін айқын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық Кеңесі