Сот жүйесінің ардагері Иран Әміровтың есімі қаладағы бір көшеге берілді
2025 жылғы 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласында сот жүйесінің ардагері, ардақты заңгер Иран Әміровтың құрметіне бір көшеге есім беру туралы салтанатты іс-шара өтті. Оған Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Айдар Смағұлов, Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Иран Әміровтың әріптестері, туыстары мен жақындары қатысты.
Іс-шара жаңа көше атауын салтанатты түрде таныстырумен басталды. Мемориалдық тақтаны ашу құрметі Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмірге және сот және әділет саласының ардагері Серожатдин Барышевке берілді.
Өз сөзінде қала әкімі Азамат Бекет: «Иран Әміровтың атын көшеге беру – бұл тек құрмет көрсету ғана емес, өмірін заң қызметіне арнаған тұлғаның еңбегін терең мойындау белгісі. Оның есімі келер ұрпаққа әділеттілік пен адалдықтың биік өлшемін еске салады»
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір: «Иран Әміров – тек кәсіби маман ғана емес, адалдық пен намыстың үлгісі болды. Бұл оқиға сот жүйесінің бүкіл құрамы үшін ерекше мәнге ие, біз әділеттің синонимі атанған тұлғаны еске алудамыз»
Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Айдар Смағұлов: «Иран Әміров сот саласында 30 жылдан астам еңбек еткен. Көшеге атын беру бұл оның еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет»
Ардагердің әріптестері мен туыстары да алғыс сөздер айтты, бұл қадамның отбасы мен құқықтық қауымдастық үшін маңыздылығын атап өтті.
Бұл оқиғаның сот жүйесі үшін үлкен маңызға ие екені ерекше атап өтілді. Көшеге Иран Әміровтың есімін беру оның жеке еңбегін танудың ғана емес, заң мен әділеттілік сақшыларына құрмет білдірудің де көрінісі болып табылады.
Иран Әміров өмірін заңға арнап, әріптестерінің құрметіне және азаматтардың алғысына ие болды. Оның есімі қала тарихында ғана емес, бүкіл сот жүйесінің тарихында әділеттілік, намыс пен жоғары жауапкершіліктің символы ретінде мәңгі сақталады. Іс-шара көше бойында орнатылған тақтайшаңға гүл шоғын қоюмен аяқталды