Судьялар Одағының Орталық Кеңесі бильярдтан турнир ұйымдастырды

2024 жылғы 15 қарашада Тәуелсіздік күніне орай ҚР Жоғарғы Сотының ардагер судьялары арасында бильярдтан турнир өтті.Турнир Судьялар Одағының орталық кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Судьялар Одағының төрағасы Досжан Әмір турнирдің салтанатты ашылуын жариялап, қатысушыларға сәттілік тіледі.Бильярд бойынша Ұлттық санаттағы төреші Ерболат Жұмағұлов турнир қатысушыларын ойын регламенті және ережелерімен таныстырды.

Турнир қорытындысы бойынша:

  • 1 орын - Рахымбек Мамырбаев;
  • 2 орын - Әуезнұр Кәженов;
  • 3 орын - Әбдірашид Жүкенов.

Сонымен қатар, қатысушылар мен жанкүйерлер келесі номинациялар бойынша марапатталды:

  • «Үздік партия» - Ақылтай Қасымов
  • «Шебер қол» - Жолымбет Баишев
  • «Жұлдыздай жарқылдаған» - Өміртай Ибраев
  • «Қарсыласын таң қалдырған шеберлік» - Ерлан Тасыров
  • «Ұтқыр тактика» - Әділ Құрықбаев;
  • «Ұқыпты ойыншы» - Ғалихан Бапахов;
  • «Жеңіске жетелеген» - Михаил Малахов;
  • «Ұлы қолдау» - Бағдат Ахметов;
  • «Жанкешті жанкүйер» - Амангелді Сәрсенбаев;
  • «Белсенді жанкүйер» - Моряк Шегенов;
  • «Команданың рухын көтерген» - Бектас Бекназаров ;
  • «Үздік жанкүйер» - Ермек Серікбаев;

Турнирдің жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары кубоктар мен дипломдармен марапатталды.