Құрметті Қазақстан Республикасының судьялары мен сот қызметкерлері!
Судьялар одағы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Судьялар қауымдастығы осымен екінші мәрте атап өткелі отырған күн –бәріміз үшін – Заң, әділеттілік үстемдігі идеалдарын бекітетіндер мен Заң қорғаушыларына құрмет белгісі ретінде үлкен маңызға ие. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі, қоғамдық жүйе іргетасының мызғымастығы мен тұрақтылығы, ең бастысы – адамдар мен азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғанысы осы игі, жауапты және құрметті міндет, ауқымды әрі күрделі еңбектің нәтижесіне байланысты.
Әрбіріміз сот билігіне сенімнің артуына және сот мәртебесінің жоғарылауына жауаптымыз. Ақыл-ой, психологиялық және физикалық жүктеме арқылы жүзеге асатын күнделікті жұмыстарыңызда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын бекітіп отырасыздар. Кезіккен қиындықтарды еңсеріп, таңдаған кәсіптеріңізге адалдық, белсенді ұстаным танытып, құзыреттілік пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер.
Осы мерейлі мереке күні біздің ардагерлеріміз, доғарыстағы судьяларымыз айрықша алғысқа лайық. Олар сот жүйесінің қалыптасуына, біздің мемлекетіміздің құқықтық және демократиялық негіздерінің қайнар көзін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі таңда олардың басым көпшілігі қатарымыздан табылып, өздері жинақтаған мол тәжірибені өскелең буынға беріп, жас мамандардың кәсіби судьяларға айналуына өз ықпалын тигізіп жатыр. Олардың бұл істері – өз кәсіптеріне деген адал қарым-қатынастың, даналық пен ар-ұжданның, әділдіктің үлгісі. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, басымызды иіп алғыс айтамыз!
Қазіргі таңда сот жүйесін ары қарай жетілдіру мақсатында үлкен өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Осы реформалардың табысты болуы біздің бірлескен қажырлы еңбегімізге, қоғам мен мемлекет жүктеген өкілеттіліктерді мінсіз атқарып, сот төрелігін тиімді іске асыруға бағытталған ортақ ұмтылысымызға байланысты. Төрткүл дүние түрленіп, қоғам өзгеруде, бірақ біздің кәсібіміздің басты өлшемдері – Заңға қызмет етудің бұлжымайтын шарттары ұстанымға беріктік, әділдік, тәуелсіздік, жауапкершілік болып өзгеріссіз қала береді.
Осы күрделі әрі жауапты қызметтеріңізге нағыз марапат азаматтардың сенімдері мен олардың әділ шешімге деген алғыстары десек те болады. Өйткені адамдардың сыйластығы мен құрметі – біздің қызметімізге берілген ең жоғары баға.
Құрметті әріптестер, бастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, шалқар шабыт, қажымас қайрат, таусылмас талап, сарқылмас күш-жігер тілейміз!
Сәкен Абдолла
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы