Қазақстан Республикасының Судьялар одағының Ақтөбе облысының филиалының төрағасы Нурлыбек Ормахановтың жетекшілігімен онлайн форматта отырыс өткізілді.
Жиын барысында Судьялар одағының төрағасы Ә.Досжанның тапсырмасы бойынша судьялардың жұмыс жасау жағдайын жақсартуға, соттардың абыройын нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен пікірлер, сот кабинетінің жұмысын жақсартуға, сонымен қатар Сот әдебі жөніндегі комиссияның Ережесіне және түсіндірмелеріне судьялардан түскен ұсыныстар талқыланып, Орталық кеңеске жолдау шешілді.