Құрметті әріптестер! ⠀
Судьялар одағы атынан Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! ⠀
Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін Қазақстан Республикасының – өз Отанының қасиетті шаңырағының астында өмір сүріп жатқан түрлі халықтар мен этнос өкілдерінің өзара құрметі мен берік достығының, бейбітшілігі мен келісімінің символы ретінде қымбат. ⠀
Біздің халқымызға ортақ тарихи тағдыр, біртұтас ойлар мен мақсаттар, тыныштық пен молшылықта өмір сүруге деген ұмтылыс тән, олар өздерінің және балаларының кемел болашағы жолында жасампаз міндеттерді бірлесіп шешеді. Тұрақтылық пен ұлтаралық келісім – осы қиын жолда кездескен қиындықтарды бірлесіп еңсеру арқылы қол жеткізген барлық жетістіктердің негізі және іргетасы. Бірлікте басымыздан өткерген оқиғалар бізді, қазақстандықтарды үлкен әрі ұйымшыл отбасыға айналдырды, ал бірегей мәдениеттер мен тілдердің, әдет-ғұрыптар мен айрықша дәстүрлердің алуан түрлілігі ізгі келісім мен сан бояулы жарқын палитраны түзіп, әрбір этностың өз бірегейлігін сақтау және дамытуы үшін қолайлы жағдай қалыптастырды. Көптеген халықтар қазақ халқының мейірімділігі мен қонақжайлылығын есте сақтауды өздерінің парызы деп санайды. Бұл жөнінде 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға жер аударылған түрлі этностар – неміс, грек, түрік, корей ұлты өкілдерінің ұрпақтары да асқан ризашылықпен айтып отырады. Мұнда олар қоныс аударушыларға баспана беріп, нанын бөлісуге әзір жергілікті тұрғындардың жылы шырайы мен ыстық құшағын кезіктірді. Қорқыныш, үрей және ауыр трагедияны бастан өткерген адамдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларға түсіністік танытты. Қазақстан олар үшін өз Отандарына айналды.
Бұл байырғы халықтың туа бітті даналығы мен мейірімділігіне, оның толеранттылығы мен мәдениетіне, байтақ дала секілді жайсаң мінез жан дүниелеріне деген үлкен құрмет – біздің көпұлтты қоғамымыздың мызғымас тұғыры.
Құрметті әріптестер, баршаңызға амандық, әр қадамдарыңызға сәттілік, мол бақыт және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Мамыражай мамыр әр үйге жарасымды татулық, мықты денсаулық және шаттық әкелсін! ⠀
Сәкен АБДОЛЛА
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы