Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы - сексен бестің шыңында!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының атынан, Жоғарғы Соттың экс-төрағасын Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлын - 85 жас мерейтоймен құттықтаймын!

Өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға, сот жүйесінде, Павлодар облыстық соты судьясы қызметінен бастап, 9 жылдан астам 1984-1993 жылдары Жоғарғы Сот төрағасы қызметін атқарды. Бүгінгі күні еліміз үшін сіңірген еңбегі зор, құрметке лайық.

Республиканың құқықтық жүйесінің қалыптасуының бастауында тұрып, еліміздің сот жүйесінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты.

Т.Қ. Айтмұхамбетовтың мектебінен шыққан жастар, бүгінгі таңда аудандық және облыстық соттардың төрағалары, Жоғарғы сот қызметтерін жоғары деңгейде атқарып жатқан білікті мамандар.

Ұзақ жылдар бойы сот саласында білімі мен кәсіби тәжірибесін, еңбекқорлығын тұрақты түрде көрсете білді. Еліміздің сот жүйесіне жүктелген өзгерістерді талапқа сай атқарып, әділ биліктің заман талабына сай өркендеуін жүзеге асыруға ат салысты.

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарды.

Өмір жолының асқар биігі – сексен бестің шыңына шығып отырған сәтте, зор денсаулық, қажымас қайрат, әулетіңізге қуаныш пен береке, баянды бақыт тілеймін!