ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРДАГЕР-СУДЬЯЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасының Ардагер-судьяларының кеңесі (әрі қарай - Кеңес) қоғамдық бастамалармен қызмет ететін «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің (әрі қарай - Одақ) мүшелерінің қатарындағы Ардагер-судьялардың қоғамдық құрылымы болып табылады

1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Ардагер-судьяларының кеңесі (әрі қарай - Кеңес) қоғамдық бастамалармен қызмет ететін «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің (әрі қарай - Одақ) мүшелерінің қатарындағы Ардагер-судьялардың қоғамдық құрылымы болып табылады.

1.2. Кеңес Қазақстан Республикасының Судьялар одағының Орталық кеңесінің(әрі қарай – Одақтың Орталық кеңесі) Жарғысының 4.10- тармағының негізінде құралады. Кеңес конференцияның шешімімен Одақтың филиалдарының жанынан құрылуы мүмкін.

1.3. Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына, басқа да заң актілеріне, Одақтың Жарғысына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

1.4. Одақтың Орталық кеңесінің жанындағы сандық және дербес құрамы Одақтың Орталық кеңесі оның өкілеттік мерзіміне ардагер-судьялардың ішінен қызмет етіп жүрген судьялардың, отставкадағы судьялардың немесе судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан судьялардың ішінен бекітіледі.

Одақтың филиалдарының жанындағы Кеңестің сандық және дербес құрамы филиалдардың конференцияларында осындай ережелер бойынша бекітіледі.

1.5. Кеңес Одақтың Орталық кеңесінің басшылығымен жұмыс істейді, мезгіл-мезгіл оған өз жұмысы туралы есеп береді, өткізілетін шараларды есепке алуды ұйымдастырады.

Одақ филиалының жанындағы Кеңес өз қызметі туралы филиалдың конференциясында есеп береді.

1.6. Кеңестің отырыстары қажет болған жағдайда өткізіледі.


2. Кеңестің мәні, мақсаты және міндеттері


2.1. Кеңестің қызметінің мәні судьялар қоғамдастығының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге қолдау көрсету, ардагер-судьялардың мүдделерін қорғау және қолдауды қамтамасыз ету, жас судьялармен судьяның біліктілігі мен моральдық-әдеп бейнесін арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмысқа қатысу болып табылады.

2.2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері:

- судьялар қоғамдастығының маңызды мәселелерін шешуге қатысу;

- ардагер-судьялардың материалдық және тұрғын-үй жағдайларын, оларға мәдени-тұрмыстық, медициналық және басқа да қызмет көрсету түрлерін жақсартуға бағытталған мүдделерін білдіру және қорғау;

- судьялардың зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға бағытталған заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жұмысына қатысу;

- ардагер-судьяларды есепке алу;

- ардагер-судьяларға іс жүзінде көмек көрсету;


- ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу;

- судьялардың кәсіби деңгейін арттыру шараларына қатысу;

- жас судьялармен тәрбиелік жұмысқа қатысу;

- ардагер-судьялардың халықаралық байланыстарын дамыту болып табылады.

2.3. Кеңес Одақтың Орталық кеңесінің тапсыруымен мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, соның ішінде, қоғамдық бірлестіктерде өкілеттігі мүмкіндік беретін мөлшерде ардагер-судьялардың құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілеттік етіп, қорғай алады.

2.4. Кеңес Одақтың Орталық кеңесінің тапсыруымен мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен, қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл жүргізіп, Одақ Төрағасының сенімхатымен олармен келісімдер жасай алады.


3. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері


3.1. Кеңес мүшелері төраға мен хатшыны олардың қызметінің мерзімін ұзарту құқығымен 2 жыл мерзімге сайлайды.

3.2. Одақтың Орталық кеңесі құрған Кеңестің төрағасы Одақтың Орталық кеңесінің құрамына кіреді және Кеңестің жұмысын басқарады.
Одақ филиалының конференциясы құрған Кеңестің төрағасы Одақ филиалының Кеңесінің құрамына кіреді және Ардагер-судьялар кеңесінің жұмысын басқарады.

3.3. Кеңестің мүшесі құқылы:

- Одақтың, Кеңестің басқарушы органдарына, сондай-ақ, конференциялар мен съездердің делегаты болып сайлауға және делегат болып сайлануға;

- туындаған мәселелерді талқылаумен Кеңес өткізетін шараларға ұсыныстар енгізуге және қатысуға.
3.4. Кеңестің мүшесі :

- осы Ереженің талаптарын орындауға;

- Кеңестің жұмысына қатысуға міндетті.
4. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі

4.1 Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі Одақтың Жарғысымен, осы Ережемен және заң актілерімен анықталады.

4.2. Кеңестің қызметін тоқтату Одақтың Орталық кеңесінің шешімімен қабылданады.

Одақтың филиалының жанындағы Кеңестің қызметін тоқтату тиісті филиал шақыратын конференцияның шешімімен қабылданады.