Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» КММ және Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жасалған меморандум аясында 25 қазан «Республика күні» төл мерекесіне орай, сот ғимаратында 2024 жылғы 24 қазан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сот қызметкерлерінің іс-жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін арттыру, тіл мәдениетін одан ары жетілдіру, мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру мақсатында «Қазақ тілі» кабинеті ашылды.
Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Тургамбаев Төлеген Тургамбаевич және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Абзалова Асемгуль Мадениетовна құттықтау сөз сөйледі.