2026 жылғы 28 қаңтар күні ҚР Судьялар одағы филиал төрағаларының қатысуымен кезекті жұмыс жиналысы өткізілді. Аталған жиын барысында 2026 жылға белгіленген жоспарлар мен басым бағыттар, сондай-ақ алға қойылған мақсат-міндеттер жан-жақты нақтыланды.
Кеңес барысында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сот билігінің беделі мен қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру, оларды тиімді ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Сонымен қатар Судьялар одағының 30 жылдық мерейтойына орай жоспарланған іс-шаралар кешені қарастырылып, мерекелік бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асыруға қатысты нақты ұсыныстар мен бағыттар айқындалды.
![](/storage/app/media/29%20%D2%9B%D0%B0%D2%A3%D1%82%D0%B0%D1%802.jpg!