Әзірбайжан мемлекетінің астанасы - Баку қаласында 67-ші жыл сайынғы Халықаралық судьялар қауымдастығының Конференциясы басталуда. Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан Досжан Әмір Сарманқұлұлы мен Досымбет Калдарбек Жорабайұлы қатысуда. Бұл жиынға 93 мемлекеттен келген 300-ге жуық судьялар қатысып, халықаралық сот төрелігі мен заң саласындағы өзекті мәселелерді талқылауда. Әлем елдерінің сот жүйелері алдында тұрған негізгі тақырыптар мен талқыланатын мәселелер: 1)судьялардың тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету; 2)заңның үстемдігін нығайту; 3)сот корпусына сыртқы ықпал мен қысымның алдын алу. Қазақстандық делегацияның қатысуы еліміздің халықаралық құқық саласындағы беделін арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Қазақстандық судьялардың халықаралық деңгейде белсенділігі еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына оң әсерін тигізеді.


