2026 жылдың 5 ақпан күні Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылаудан басталып, сот жүйесінің болашағына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. Отырыс барысында Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сот төрелігін жүзеге асыруға және судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға әсер ететін мәселелер қаралды.
Талқылау кезінде жобада, сот билігінің рөлін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне айрықша мән берілгені айтылды. Сонымен қатар, отырыста судьялардың тәуелсіздігін сақтау, сот шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз ету және сот билігінің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелері қозғалды.
Бүгінгі күні Ата заңның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, кеңінен талқылану үстінде. Бұл — құптарлық жағдай. Өйткені Ата заң Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қатысты. Осыған байланысты, Қазақстан халқын өз ой-пікірлерін ортаға салып, саналы таңдау жасап, жобаны жалпыұлттық референдумда қолдауға шақырды.
