Құрметті Сәкен Жүсіпахметұлы!
Сізді 60 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы ретінде еліміздегі құқықтық реформаның жүзеге асырылуы мен заң талаптарының бұлжытпай орындалуына бағытталған жауапты қызметті абыроймен атқарып келесіз.
Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып, сыйлайды. Жинақтаған мол тәжірибеңіз жастарға үлгі. Халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті сот саласын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.
Құқықтық мемлекет негіздерін одан әрі жетілдіру және заң талаптарының мінсіз қолданысын қамтамасыз ету жолындағы еңбегіңіз әрқашан жемісті болсын. Осы айтулы сәтте өзіңізге зор денсаулық, қажымас күш-қайрат, отбасыңызға қуаныш пен береке, баянды бақыт тілейміз! Әрдайым жүзіңіз нұрлы, өміріңіз мәнді болып, мақсаттарыңызға жете беріңіз!
Құрметпен,
Судьялар одағының Орталық Кеңесі