25 қазан – Республика күні еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айшықтайтын мереке! Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігіне 1990 жылғы қабылданған Республиканың егемендігі туралы Декларация ерекше маңызға ие. Осы айтулы күні ҚР Судьялар Одағының төрағасы Досжан Әмір Ақмола облысында өткізілген ұлттық бірліктің, тәуелсіздік пен елдік рухтың мерекесі Республика күніне арналған салтанатты іс- шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл шара – әрбір қазақстандықтың бойында отансүйгіштік сезімді күшейтіп, еліміздің дамуына үлес қосуға шабыт беретін маңызды мереке.
